Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ: ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ҮШІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАСЫН ҚҰРУДА

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балалардың тәртібін есепке алудың бірыңғай деректер базасы әзірленетін болады. Бұл туралы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің бірінші күнінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.

Бүгінгі таңда ата-аналардың отбасының өмірлік жағдайына байланысты мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа тәсілі әзірленуде. Балаларға тең бастау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды тегін тамақтандыру. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардың 97 мыңнан астам баласы тегін тамақпен қамтылады.

Құзыретті мамандарды тарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі. Балабақшалардағы кезектілік мәселесін шешу үшін жыл соңына дейін 332 мектепке дейінгі ұйым ашылады.

Айта кету керек, 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда тәрбие мен оқытуға 100 мыңға жуық педагог тартылған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ