Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Ернат Ғапуұлы Жүнісов ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып тағайындалды

Оның ТжКБ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Ернат Жүнісов 1975 жылы туған.

Мамандығы – «Еңбек, информатика және компьютерлік технологиялар мұғалімі».

Еңбек жолын 1996 жылы Сәтпаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде еңбекке баулу пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1999-2006 жылдары - оқу ісінің меңгерушісі, колледж директорының орынбасары және №19 кәсіптік лицей директорының орынбасары болды.

2006-2009 жылдары - Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметін атқарды.

2009-2015 жылдары ТжКБ департаменті бөлімінің басшысы.

2015 жылдан бастап министрліктің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ