Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНІН ОРЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарті министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанда алғаш рет ерекше білім беруді қажет ететін балалар кохлеарлық имплант қолданушыларының қатысуымен клип шықты. Біздің балалар «Қамажай» қазақ халық әнін орындады.

«Ең алдымен айта кететін жайт, бұл бейнебаян есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар мен олардың ата-аналарына есту-сөйлеуді қайта қалпына келтіруде және одан әрі әлеуметтік ортаға бейімделуде табысқа жетуге үміт беретінін атап өткен жөн. Бұл балалардың үлкен жетістігі, ата - аналардың мақтанышы және еліміздің қуанышты жаңалығы», - деді орталық директоры Айгерим Кудеринова.

Бүгінгі таңда елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 188 мың бала бар, оның ішінде есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар саны: 5443 бала. Бейнебаянға 37 қатысушының ішінен АИБД ҰҒПО-ның 9 тәрбиеленушілері және бір баланың анасы қатысты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ