Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада «Болашақты сақтау үшін, табиғатты сақтау» тақырыбында NXplorers: GYLYMI SAIAHAT ғылыми фестивалі өтті.
Фестивальдың мақсаты - оқушыларды, педагогтарды, ғалымдарды, студенттерді және ғылым мен тұрақты даму мәселелеріне қызығушылық танытқандарды біріктіру.
Ғылым фестивалінде білім беру экологиясы бойынша семинарлар мен дәрістер, NXplorer халықаралық әдістемесімен танысу, мектеп байқауының финалы, интерактивтер мен түрлі квесттер, мастер-класстар мен эксперименттер, викториналар мен естелік сыйлықтар ұтыс ойындары өткізілді.
Айта кетейік, фестивальге елорданың 7-11 сынып оқушылары, химия-биология ғылымдарының педагогтары, ғылым әуесқойлары мен білім беру компанияларының өкілдері қатысты.