Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне және оларды кәсіби қызметте практикалық пайдалануға үйрету мақсатында вебинар өткізеді.
Вебинар 28 наурыз күні сағат 15:00-де Facebook желісіндегі https://www.facebook.com/Orkeninstitut/ парақшасында онлайн режимінде өтеді.
«Мұндай вебинарлар педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың, оқу үдерісін басқарудың тиімді жолдарын көрсету, сонымен қатар коучинг арқылы мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың өміріндегі қиын жағдайларды шешу мақсатында өткізіледі», - дейді Даму және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Гүлназ Сағымбаева.
Вебинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алады.