2023-2024 жаңа оқу жылында 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, қосымша тағы 749 кабинет сатып алынады. Бұл жайында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді. «Жыл сайын мемлекет тарапынан мектептердің құрылысы мен оларды жаңарту жұмыстарына қаржы бөлініп келеді. Соңғы үш жылдың өзінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп 6 бағыт бойынша жаңғыртылады: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пәндік кабинеттермен жабдықталады, мектеп, кітапхана, асханалардың жиһаздары жаңартылады, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», - деді Еділ Оспан.Сонымен қатар, бүгінде инклюзияны қолдаудың 5 кабинеті пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 37, ал 2027 жылға дейін 200 жаңа кабинетті ашу жоспарлануда. Еліміздің мектептерінде инклюзияны қолдау бойынша барлығы 646 кабинет жұмыс жасайды.
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз