Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ 133 МЫҢ ОРЫНҒА АРТТЫ

Еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға артты. Биыл дуалды оқытуды дамыту үшін кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мамандар даярлау үшін 10 мың орын бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаев мәлімдеді.«Еліміз IT-мамандарды даярлау бойынша әлемдік деңгейге шығуда. Қазіргі уақытта 773 колледж бар, онда 517 мың студент оқиды. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде маңызды бағыттардың бірі мемлекеттік тапсырысты ұлғайту болып табылады. Биыл ол 133 мың орынды құрады», - деді спикер.Айта кетейік, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланған. Мұнда геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика, медицина сияқты салалар қамтылған. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен ұлғайту қарастырылды: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға арттырылды, 2024 жылы ол 100%-ға дейін жеткізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетілуде, олар стипендиямен, тамақтанумен және жолақысымен қамтамасыз етілген.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ