iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар
30.04.2022
Мәжілістің жалпы отырысында тағы бір маңызды норма қабылданды. Мәселе бір ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) ашу нормативін 60-тан 50 мың балаға дейін өзгерту туралы болып отыр.
Яғни қазіргі күні 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық ПМПК ашылады.
Бұл кезектілік мәселелерін шешуге әсер етіп, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтауға және сапалы бағалауға септігін тигізеді.
Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
Балалар жылы аясында өзекті және ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жаңа бастама іске асырылады.
https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219985914174446/?d=n
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ