Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ 1000-НАН АСТАМ ШАРА ӨТЕДІ

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Қазақстанның барлық аймақтарында 1000-нан астам түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған 3 миллионнан астам бала мен ата-ана қатысады. Бұл республиканың барлық қалалары мен облыс орталықтарының саябақтарында балаларға арналған гала-концерттер, мәдени-ойын-сауық бағдарламалары, мұражайларға, саябақтарға, театрларға, спорт нысандарына бару және т.б.

Бірқатар облыстарда «BALAFEST» балалар фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады.

Сондай-ақ жетім-балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және жекелеген санаттағы отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Мейірімділік – балаларға» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оқушылар арасында «Туған елге тағзым!» және «Ана тілім – тірегім!» атты республикалық челлендждер өткізіледі.

Толығырақ ақпарат облыстардың білім басқармаларының сайттарында орналастырылған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ