Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТР АВСТРАЛИЯДАН КЕЛГЕН MINDERO ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бірінші вице-министр Наталья Жұмаділдаева Австралиядан келген Minderoo Қорының өкілдерімен кездесті. Тараптар мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларын, ата-аналардың рөлін арттыруды және т. б. талқылады.

«Өткен жылдан бастап біз сіздермен осы салада ынтымақтаса бастадық. Астана қаласы мен Ақмола облысының ата-аналарымен және тәрбиешілерімен зерттеулер жүргізілді. Қазақ және орыс тілдерінде мобильді қосымшаға арналған контент бірлесіп әзірленді. Онда жергілікті мәдени элементтер мен ата-ана тәрбиесі дәстүрлері баланың ерте дамуы туралы соңғы зерттеулермен біріктірілген. «Thrive by Five» жобасын іске қосу 2024 жылдың ортасына жоспарланған»,-деп атап өтті бірінші вице-министр.

Кездесу соңында Қазақстанның мәдени ерекшеліктеріне бейімделген контентті әзірлеу және ата-аналарға арналған мобильді қосымшаны әзірлеу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ