Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Білім және ғылым министрлігінің осы аптадағы жаңалықтар топтамасы

Қазақстандық оқушылар енді кітапханаларда жаңа кітаптарды оқи алады. Мектеп кітапханаларының қоры 2 000 000 кітаппен толықты. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталды. Оған мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтамасыз ету, оқушыларды кітап оқуға тарту үшін іс-шаралар өткізу, кітапханаларда қолайлы жағдай жасау, жөндеу және жабдықтау, кітапханашылардың біліктілігін арттыру сияқты бірқатар шаралар кіреді. Сонымен қатар барлық мектептерде міндетті түрде күнделікті 20 минут кітап оқу енгізілген. Елімізде барлығы 440 коворкинг-орталық жұмыс істейді.

«Коллаборация» деген сөз енді ғылым және білім саласына да қатысты қолданылады. Ғылым мен білімнің интеграциясы қазақстандық жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қою арқылы байқалады. Қорытынды: кадрларды даярлауға арналған 500 бірлескен білім беру бағдарламасы, дәріс оқу және сабақ жүргізу үшін ҒЗИ-дан 300 ғалым ЖОО-ға тартылады, магистранттар мен докторанттардың ҒЗИ зертханаларына және керісінше ҒЗИ қызметкерлерінің ЖОО-лар базасына қолжетімділігі, бірегей зертханаларда тағылымдама, бірлескен диссоветтер және кадрлар даярлауға мүмкіндік туды. Мұндай өзара байланыс жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа толқынын тудырады.

Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер - бұл белсенділіктің көрсеткіші әрі табысты ынтымақтастықтың кепілі. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Аризона университетінің президенті доктор Р. Роббинспен және АҚШ-тың Аризона штатындағы Өкілдер палатасының спикері Р. Бауэрспен онлайн-кездесу өткізді. Келісімнің бірнеше негізгі тұстарын атап өтейік. Білім саласы, IT, инженерия, агро-техникалық және т. б. бағыттар ағылшын тілінде жүргізіледі, шетелдік жоғары оқу орындарының ғимараттары ашылады деген уағдаластық бар. Қос дипломды бағдарламаларды дамытуға және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда Қазақстанның 45 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанып, олардың әрқайсысы 2000 АЕК (шамамен 6 миллион теңге) сыйақы алды. Педагогтерге қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды. Материалдық ынталандыру әдісі - қызметкерлерге мотивация беру, білім беру қызметінде жаңа идеяларды іздеу, әлеуметтік жағдайды жақсарту.

Қазақстандық студенттер ғылымға белсене араласып, ғылым саласын дамыту мақсатында жаңа белестерді бағындырып жатыр. Педагогтерді даярлайтын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері өсімдік майынан биоотын жасап шығарды. Жас ғалымдар Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниеваның жобасы халықаралық конференцияда жүлделі орын алды.

Ғылыми қызметкерлердің еңбегін бағалау қажет, өйткені олардың қызметінің нәтижелері біздің күнделікті өмірімізде үлкен рөл атқарады. Сондықтан ғылыми қызметкерлерді ынталандыру - бұл кадрларды дамытудың ерекше жолы. Осы аптада «Үздік ғылыми қызметкер-2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Алты ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды. Үздіктерге 6 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы алды. Байқаудың ашықтығына арнайы құрылған ақпараттық платформа кепілдік берді. Айта кетерлігі, жақында ғана басталған байқау алғаш рет өтті. ?Білім және ғылым министрлігінің апталық жаңалықтарына шолу осындай. Демалыстарыңыз сәтті өтсін!

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ