iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

Жаңалықтар

Білім және ғылым министрі техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлеріне наградалар табыстады
Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлерімен кездесу өткізіп, ведомстволық наградаларды табыс еттім.   ТжКБ жүйесінің ардагерлері білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған көптеген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге атсалысып, жалпы білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін лайықты марапаттарға ие болды.   Білім беру ардагерлерімен кездесулер мен үшін әрдайым маңызды. Өйткені олар құнды тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру процесін жетілдіру үшін өздерінің көзқарастары мен ұсыныстарын айтады.   Біз бүгін ТжКБ жүйесіндегі жетістіктерді, өзекті мәселелерді, техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлаудың сапасын жетілдіру бойынша көзделген жоспарларды талқыладық.   Біздің ТжКБ жүйесінің білім беру үздіктері – ардагерлерімізге, сондай-ақ бүгін мыңдаған колледж студенттерін оқыта отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына күн сайын үлес қосып жүрген колледж педагогтеріне ерен еңбегі үшін алғыс айтамын.   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10219399063143537 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ