Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарына жұмыс сапарымен барды
Кеше жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына бардым.   Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында орналасқан мектептер, балабақша, колледж, университет және студенттік жатақханаларда болдым.   №21 «Айзере» балабақшасының жұмысымен таныстым. Жаңаөзендегі №22 мектептің материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылуын, оқу кабинеттерін, бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен жабдықталуын тексердім. Сондай-ақ «Каспий» колледжінің жұмысымен таныстым.   Ақтауда 1200 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, нысанды осы жылдың ортасына қарай тапсыру жоспарланып отыр.   Сонымен қатар №29 мектептің іргесін кеңейту мақсатында жүріп жатқан жапсарлас құрылыстың жұмысымен таныстым.   Білім ошағының жақында салынғанына қарамастан, жаңа тұрғын үй кешендерінің бой көтеруіне байланысты ауданда оқушы орындарының тапшылығы туындады. Мердігер бір ай ішінде бұл мәселенің орнын толтыратын кеңейту құрылысын аяқтауға уәде берді.   Сондай-ақ «Yessenov University» жоғары оқу орнына барып, академиялық артықшылық орталығын құру жобасының презентациясымен таныстым.   Оқу корпусын аралаумен қатар студенттер тұратын жатақханаға барып, университеттің жаңа жатақханасының құрылыс барысымен таныстым. Жоғары оқу орны бүкіл өңір үшін кадрлар даярлайтындықтан, жыл сайын оқуға және студенттер контингентіне сұраныстың өсуімен қатар студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету қажеттілігі де артып келеді.   Осындай сапарлар барысында мен үшін тәрбиешілермен, мұғалімдермен , мектеп және колледж директорларымен, сондай-ақ ЖОО-ның оқытушыларымен тілдесу өте маңызды.   Маңғыстау облысында да қалыптасқан дәстүрге сай әріптестермен кездесу өткізіп, барлық идея мен ұсыныстарды тыңдап, оларды толғандырған немесе қызықтырған сұрақтарға жауап бердім. Мектеп директорларымен кездесу барысында өңірге педагогтерді тарту, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жаңа жоба талқыланды.   Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарымен жүздесіп, олардың қаладағы білім беруді дамыту жөніндегі ұсыныстарын тыңдадым.   Арнайы әлеуметтік пакет ұсынып, түрлі өңірлерден ЖОО-ның үздік түлектерін белсенді түрде тартатын аймақтардың қатарына Маңғыстау облысы да кіретінін атап өткім келеді.   Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру да маңызды. Ол үшін білім беру ұйымдарының директорларына да, мұғалімдерге де арнайы курстар ұйымдастыратын боламыз. Өңір үшін оқушы орындарының тапшылығы мәселесі де өзекті. Оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мың балаға артты.   Сұраныс артқандықтан, облыста 24 мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша тағы 11 жапсарлас құрылыс салынатын болады.   Оның үстіне облыс орталығында ғана емес, сұранысқа сәйкес Жаңаөзен қаласы мен облыстың басқа да аудандарында жаңа әрі заманауи мектептер бой көтермек.   Бұдан бөлек, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету кабинеттері ашылады.   Облыста қосымша білім беру жүйесін дамыту, балаларға арналған жаңа секциялар мен үйірмелер ашу маңызды міндет болып табылғандықтан, осы бағытта жұмыс жүргізіледі.   Облыста шетел университетінің филиалын ашу, жұмыс істеп тұрған Ш.Есенов атындағы университетті дамыту, университетте Академиялық ұтқырлық орталығының ашылуы, оған оқу ғимараты мен жатақхананың салынуы, облыс мектептерінің түлектеріне еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алуы үшін қосымша атаулы гранттардың бөлінуі де басты міндеттердің бірі.   Сапар қорытындысы бойынша біздің сала үшін өзекті барлық мәселе бақылауға алынады және тиісті тапсырмалар берілді.   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10219546229142595 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ