Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «BILIM Hackathon-2022» IT байқауының жүлдегерлерін құттықтады
Бүгін «BILIM Hackathon-2022» IT байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.   Жарысқа қатысуға еліміздің барлық өңірінен 107 команда өтініш берді. 230 студенттен құралған 72 команда финалға жолдама алды.   Жүлде қоры 3,5 миллион теңгені құрады. Жеңімпаз студенттер ақшалай сыйлықтармен қоса, Daryn online, BTS Education, EDUS және Mail.kz және басқа да қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар кейбір цифрлық шешімдер өз инвесторларын тауып үлгерді.   Қатысушылар білім беру саласында өте қызықты цифрлық жобаларды ұсынды.   Қазылар алқасының шешімімен Nazarbayev University және Astana IT University студенттері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Назарбаев университетінің тағы бір командасы жеңіп алды. Үшінші орын Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Suleyman Demirel University және Astana IT University студенттерінен құралған командасына бұйырды.   Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! Барлық қатысушыға қызықты идеялары үшін алғысымды білдіремін.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219841113634523/?d=n   
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ