Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту туралы бұйрықтың негізгі тармақтары жайында
Жаңа бұйрықта мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтіледі.   Негізгілеріне қысқаша тоқталайын.   1. Тәрбиешілер мен басқа да педагогтердің біліктілігі мен біліміне қатысты талаптар енгізілді.   2. Жұмыс істейтін тәрбиешілер бойынша үлгілік штат нормативін сақтау талабы енгізілді. Яғни, мысалы, бір мұғалім күні бойы 50 баламен жұмыс істей алатын тәжірибеден бас тарту. Саны 25 аспауы тиіс.   3. Міндетті түрде бейнекамералар орнату.   4. Балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға толық сәйкестігі.   5. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.   6. Сонымен қатар білім басқармаларына мемлекеттік тапсырыс орналастырылғанға дейін балабақшалардың жұмысымен және онда жасалған жағдайлармен танысу құқығы беріледі. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мұндай мониторинг балабақшалар қауымдастығы мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.   7. Сондай-ақ білім басқармалары балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мүмкіндігінен айырылады.   Енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленеді. Ал ата-аналар жасалған тізімнен балабақшаны өздері таңдай алады.   Демек мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Follow the quality. Болжам бойынша, бұл бәсекелестікті арттырып, балабақшалардың сапасын жақсартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.   Жоғарыда айтылғандардан бөлек, біз төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейміз. 1. Лицензиялауды қайтару. 2. Жұмыс жағдайы мен сапасы тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу. 3. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру. 4. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid0dmcT9LjXXoiHFuQP4VmULpxyNug8xYsoCG7frASEPnMLCBe6A5Leobn5QLRXABM3l/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ