Бүгін ҚР БҒМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері құрылғанына 10 жыл толғанын атап өтіп жатыр.
Осы жылдар ішінде аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері білім беру ұйымдарына заңнама талаптарына және жұмыс сапасына сәйкестігі тұрғысынан 22 мыңнан астам тексеру жүргізді.
15 мыңнан астам бұзушылық анықталып, олар кейін тәртіптік және әкімшілік шаралар қолдану арқылы жойылды.
Білім беру мәселелері бойынша педагогтермен халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жаңа деңгейге көтерілді. Азаматтар Комитеттің аумақтық департаменттеріне ақпараттық тұрғыда көмек алу мақсатында жиі жүгіне бастады. Бұл ретте көтерілген мәселелердің өз шешімін тауып келе жатқандығы маңызды.
Департамент қызметкерлері еліміздің педагогтері мен білім беру ұйымдарына тұрақты түрде консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді.