Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялаймыз. Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің басшыларына білім беру саласындағы қандай да бір проблемалар туралы тікелей хабарлай алады. Мәселен, бұл мектепте ақша жинау, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелері элементтерінің болмауы немесе жұмыс істемеуіне (бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары) қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін. Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын жариялаған болатын. Өткен демалыс күндері Комитетке 300-ге жуық қоңырау шалынып, хабарламалар түскен. Ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қажетті жұмыстар жүргізіп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, оқу жылының басында ҚР Білім және ғылым министрі азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) қарамағындағы білім басқармаларының басшыларына жедел қарастыруды тапсырған болатын. Олар мектептерге, сонымен бірге бүкіл оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады. Азаматтар жауапты тұлғаларға тікелей хабарласып, кері байланыс пен қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақытылы ала алады.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: сілтеме