Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

БҒМ МЕН ЦДИАӨМ МИНИСТРЛЕРІ КОЛЛЕДЖДЕР МЕН УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Еліміздегі колледждер мен жоғары оқу орындарына жазғы қабылдау науқаны қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақпараттық жүйелердің дайындығы мәселелерін талқылады.

Министрліктер биыл құжаттарды электронды түрде қабылдау кезінде туындайтын тәуекелдер мен олардың алдын алу шараларын талқылады.

2022 жылы 160 мың түлек колледждерде және 140 мың түлек жоғары оқу орындарында білім алады деп күтіліп отыр.

«Құжаттарды қабылдау және білім беру гранттарын бөлу кезеңінде электронды жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету керек. Біз негізгі проблемаларды анықтадық. Барлық цифрлық шешімді тексеріп, ретке келтіру маңызды. Бұл шекті балдарды есепке алу, өтініштерді қабылдау процесі және бір талапкердің өтінішті қайталап жіберуін болдырмау және басқа да мәселелер. Барлық түлекке барынша қолайлы жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Бұл әр адам тұрғылықты жеріне қарамастан электронды қызметтерді кедергісіз пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін маңызды», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар БҒМ және ЦДИАӨМ министрлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 100 мың IT-маманды даярлау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмысты талқылады. Осы ретте ведомствоаралық отырыстың басты тақырыптарының бірі бағдарламалау мектептеріне ІТ мамандарын даярлауға грант бөлу болды.

«Бүгінгі таңда «Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі» корпоративтік қорында ІТ-мектептерге ваучерлер (гранттар) бөлу механизмі әзірленді. 2021 жылы Astana Hub өз қаражаты есебінен 13 IT-бағдарламалау мектебінің 100 студентін қаржыландырды. Бағдарламаның ауқымын кеңейту аясында 2022 жылы 3 000 грант бөлу жоспарланып отыр», – деп айтты Бағдат Мусин.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ 50 мыңнан астам оқушы оқитын 39 мамандандырылған IT-лицейін ашу, қазақстандық мектептерде 3 000 робототехника кабинетін ашу және IT-бағыттар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ қолданыстағы бағдарламаларды жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Мемлекеттік тілдегі цифрлық контентті құруға, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесуде қатысушылар әртүрлі қызықты цифрлық шешімдерді ұсынды.

Еліміздің ірі банктері мобильді білім беру қызметтерін енгізе бастады. Олардың қатарында балаларды балабақшаға кезекке қою, оқу ақысына жолдама беру, білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау, сондай-ақ білім беру қызметтеріне ақы төлеу бар.

Қазіргі уақытта біздің университеттеріміздің ірі IT-вендорлармен арнайы IT-білім алу үшін академияларды, біліктілікті арттыру курстарын және қысқа мерзімді курстарды ашу бойынша бірлескен жұмысы күшейді.

Сондай-ақ министрлік жеке деректерді қорғауды күшейту және цифрлық білім беру платформаларын интеграциялау үшін жұмыс жүргізеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ