Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

#БалаларҮні республикалық челленджі басталды

27 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік желілерде #БалаларҮні республикалық челленджі өтуде.

​Бұл бастама балалармен ашық диалог мәдениетін нығайтуға, олардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғам назарын аударуға және балалардың өздеріне маңызды тақырыптарды талқылауға белсенді қатысуына ықпал етуге бағытталған.

​Челлендждің басты мақсаты — балаларға өз ойларын ашық айтуға, оның дауысының естілуіне және мектеп пен қоғамдық ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру.

​Челленджге еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қатысушылардан ұзақтығы 1 минуттан аспайтын қысқа бейнежазба немесе мәтіні бар фото-пост форматында келесі сұрақтардың біріне жауап беру сұралады:

* Өз мектебіңде, қалаңда немесе еліңде нені өзгерткің келеді?* Сенің үнің естіледі дегенді қалай түсінесің?* Қазақстандағы балалардың болашағын қалай елестетесің?* Арманыңдағы мектепті сипаттап жаз немесе суретін сал.

​Жарияланымдар әлеуметтік желілерде #БалаларҮні хэштегімен жарияланады. Ең үздік идеялар өңірлік және республикалық деңгейде қолдау тауып, көпшілікке ұсынылады.

​Челлендж «Бала үні» тақырыптық күні аясында ұйымдастырылып, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған онкүндіктің бір бөлігіне айналды.

​#БалаларҮні — әр баланың дауысы естілетін алаң.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ