Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

БАЛАЛАР ӘЛ-АУҚАТЫ: БАЛА КҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Оқу-ағарту министрлігі ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиевамен бірлесіп балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша «Балалардың әл-ауқаты: бала құқықтарын қорғаудың өзекті бағыттары мен тиімді тәжірибелері» атты ауқымды кездесу өткізді. Жиынға Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан білім беру жүйесі мен балалардың құқықтарын қорғау саласының өзекті түйткілдерді талқылау, сондай-ақ бірлескен шешімдер қабылдау мақсатында министрлік үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратын түрлі бағыттар бойынша сараптамалық кеңестер құрғанын атап өтті.         

«Министрлік тұрақты негізде 120-дан астам үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік жасауда. Біздің ынтымақтастығымыз білім беру саласындағы маңызды креативті жобалар мен өзекті мәселелердің стандартты емес шешімдерін дамытуға, оның ішінде ауылдық жерлерде балаларды қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға серпін бермек», - деді Еділ Оспан.

Конференция барысында Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл мүдделі мемлекеттік органдармен, Парламент депутаттарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және қалың жұртшылықпен бірлесіп әзірленген және әртүрлі диалог алаңдарында талқыланған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заң жобасын таныстырды. Аталған заң жоба балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде бірқатар бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, «Аналар үйі»  жобасы балалар үйлерінің санын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. «Дара» және «Болашақ» қоғамдық қорларының белсенді жұмысының арқасында ел мектептерінде 400-ге жуық ресурстық орталықтар мен инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Аутизм орталықтарын құру бойынша табысты жобалардың бірі   «Асыл Мирас» қорымен бірігіп іске асырылуда. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен бірлескен күш-жігердің арқасында елімізде «111» бірыңғай колл-орталығының жұмысы қайта жанданды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айында балалардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Жоспар шеңберінде Бірыңғай буллингке қарсы бағдарлама енгізіліп, жеке қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылмақ. Балалар- ата-аналар қарым-қатынастарын нығайту, мәдени тәрбие және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін іске асыру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, психологиялық қызметтердің жұмысын күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдануда, жұмыс педагог-психологтардың біліктілігін арттыруға, мектеп атмосферасы шындығында бағдарламаның тиімділігін пилоттауға және талдауға баса назар аудара отырып жалғастырылатын болады.

 

 

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ