Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР САНЫНЫҢ АРТУЫ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ - ШОЛПАН КАРИНОВА ҚАЗАҚСТАНДЫ ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАНЫСТЫРДЫ

Ташкентте өткен World Conference on Early Childhood Care and Education (WCECCE) кіші жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі дүниежүзілік конференцияда Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова еліміздегі балабақшалардың өсу динамикасы мен олардың жұмысы туралы айтып берді.

Ауқымды іс-шараға әлемнің 100-ден астам елінен 1 500-ге жуық делегат қатысты.

Дүниежүзілік конференцияның пленарлы отырысында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова конференцияға қатысушыларға министрліктің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жаңалықтары мен атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесін өзгерту үшін 2021 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделі қабылданды. Ол ойынға негізделген тұжырымдамалық жаңа бағдарламалар мен жаңа мазмұнға көшуді, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлаудың сапасын, еңбекақыны және педагогтердің біліктілігін арттыруды, материалдық-техникалық базаны жақсартуды, дамып келе жатқан білім беру ортасын құруды көздейді», - деп түсіндірді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі.

Шолпан Каринова мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейту, балалардың инклюзивті білім алуына жағдай жасау туралы айтты. Ол мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің мәртебесін көтеру мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайын ел Президентінің қолдауы арқасында тәрбиешілердің еңбекақысы көтеріліп, педагогтердің жүктемесін азайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ