iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар
04.11.2022
Жетісу облысы, Сарыөзек ауылына келіп, тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткіздім. Сондай-ақ ауылдағы мектеп пен балабақшаны араладым.
Мәдениет үйіне 320 адам жиналды. Тұрғындармен тілдесіп, сұрақтарына жауап бергенде олардың жаңа облыстың құрылғанына өте риза екенін байқадым.
Есеп беру кездесуі екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Жиында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беруге көбірек уақыт бөлуге тырыстым. Ата-аналарды, әріптес мұғалімдерді, мектеп директорларын алаңдатқан мәселелер - мұғалімдердің сағат жүктемесі, директорлардың ротациясы, түлектерді жұмысқа орналастыру, мектептердің әлеуетін арттыру, колледж біліміне гранттарды бөлу тетігі.
Бұған дейін мектептерде педагог-ассистент лауазымын енгізген болатынбыз. Бүгінгі таңда маман саны 1 500 адамнан асты. Кездесуде балабақша тәрбиешісі балабақшаларда да «тәрбиеші-ассистент қызметі енгізіле ме?» деп сұрады. Қазіргі күні бұл мәселе шешіліп жатыр.
Қойылған сұрақтың барлығына толық жауап беруге тырыстым. Барша тұрғынға уақыт бөліп, білім саласына танытқан қамқорлығы үшін алғыс айтамын.
Есеп беру кездесуінен кейін ауылдағы Күреңбел мектебі мен «Ай-Сана» балабақшасына бардым. 900 орынға есептелген мектепте 875 бала оқып жатыр. Бірінші кезекте қауіпсіздік жұмысының қалай ұйымдастырылғанын, бейнебақылау камераларының және «дабыл түймелерінің» жұмысын, т.б. көрдім. Дабыл түймесін басқаннан кейін мектепке жедел жеткен полиция қызметкерлерін мазалауға тура келді, бірақ оқушылардың қауіпсіздігі өте маңызды.
Сонымен қатар оқу кабинеттерін, кітапхананы, асхананы қарап шықтым. Әріптестеріммен сөйлесіп, санат беру, есептілік, ҰБТ өткізу және т.б. мәселелерді талқыладық.
«Ай-Сана» балабақшасында да болдым.
Жалпы, білім беру нысандарын аралағанда анықталған ескертулер бойынша білім басқармасының басшысына оларды жоюға тапсырма берілді.
Облыстарға жұмыс сапарлары жалғасын табады.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid0ioQ5wjLkqirjt2rTXTzv8e7WBpvESZMvoRtY1848hjiYpdCfGdf5YL2tFfKX3gSMl
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ