Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы
«Жалпыға міндетті білім беру» қорының аясында Әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасадық.   Бұл өзгерістер не береді?   Қазіргі күні «Жалпыға бірдей білім беру» қоры халықтың әлеуметтік осал топтарына киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетеді.   Енді бұл көмекті ақшаға айналдырып, ата-ананың шотына аудару ұсынылып отыр.   Яғни ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін ең қажетті заттарды өздері сатып ала алады. Мұндай шешімді қолдағандар да, оған қарсы шыққандар да көп екенін жасырмаймын.   Біз әлеуметтік қызметтер порталының іске қосылғанын бірнеше жыл күттік. Бұл жүйе арқылы қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға болады. Сондай-ақ ата-аналар осы маркетплейстен балаға қажетті заттарды ғана сатып алып, оны электронды ақшамен төлей алады. Одан бөлек, біз транзакцияларды бақылауда ұстай аламыз.   Алайда ісіне адал емес басшылардың мұқтаж жандарға өлшемі үлкен немесе кіші, одан қалса сапасы өте нашар киім-кешек сатып алғаны сияқты фактілер бар. Мұндай жағдайлар бізді әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғанын күтпей-ақ, көмекті ақшаға айналдыруға міндеттейді.   Бұл шешімге қарсы шыққандардың айтуынша, ата-аналардың кейбірі бөлінген қаражатты басқа қажеттіліктерге жұмсауы мүмкін. Бірақ қазіргі жүйе арқылы кейбір азаматтар алған киімдерін немесе басқа керек-жарақтарын қайта сатып, қаражатты басқа мақсаттарға жұмсауы мүмкін.   Айтпақшы, «жалпыға бірдей білім беру» қорының жұмысын ұйымдастыру және көмек көлемін белгілеу әкімдіктердің құзырында және олардың есебіне қарай көмек мөлшері өзгеріп отырады (15 мыңнан 41 мың теңгеге дейін).   Енді ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес көмектің мөлшерін белгілеу ұсынылып отыр.   «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында отбасы АӘК алатын балалар, егер отбасы АӘК алмаса, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған отбасынан шыққан балалар және әр мектепте алқалы органның шешімі бойынша айқындалатын басқа да санаттар материалдық көмек алады.   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10220148334634856 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ