Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов Республика күні қарсаңында білім беру саласының қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады

Бүгін Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласы қызметкерлерін марапаттады.

Еңбегі жоғары деңгейде бағаланған әріптестерім үшін өте қуаныштымын. Олар күнделікті қажырлы еңбектері арқылы еліміздің білім мен ағарту саласының дамуына зор үлес қосып келеді.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» наградасын Президенттің қолынан әріптесім Күләш Шәмшидинова алды.Күләш Ноғатайқызы - мэтр, саламызда танымал маман, екі рет вице-министр қызметін атқарған құрметті педагог, бұрынғы Білім және ғылым министрі. Қазір Күләш Ноғатайқызы «НЗМ» АҚ басқарма төрағасы.

«Құрмет» орденімен Алматыдағы РФММ-нің физика пәні мұғалімі Юрий Довгаль марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Алматы қаласы РФММ-нің математика пәні мұғалімі Архат Долаев, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының химия және биология пәнінің мұғалімі Гүлбаршын Қожахметова марапатталды.

«Білім мен ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Астана қаласындағы №27 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Людмила Труфанова, Семей қаласының №15 орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі Әсемхан Уажанов марапатталды. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы лицей-мектебінің химия пәні мұғалімі Күләш Жанғақбаева «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін алды. Астана қаласы Көлік және коммуникациялар колледжінің кітапхана меңгерушісі Гүлмира Жүнісова, С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Сәбираш Мұханова Алғыс хатпен марапатталды. Басқа ұстаздардың еңбегі де түрлі марапаттармен марапатталды.

Барлық әріптесімді марапатпен құттықтап, қызметте табыс тілеймін!

1990 жылы 25 қазанда еліміздің Тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Бұл – Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалаған маңызды құжат, маңызды мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында осындай ерекше мерекені белгілеу туралы бастама көтерген болатын. Міне, бүгін мерекені бірге тойлап, бұл бастаманың халық арасында үлкен қолдау тапқанын көріп отырмыз.

Баршаңызға Республика күні құтты болсын!

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02wE4smgRYcLYFcsNK98XhPyrFgJdLitL2zUTVbQ1vTy5A9MGLDHerhJc9iCded3VEl&id=1120704037 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ