2021 жылғы 22 қарашада Білім және ғылым министрлігінің ғимаратында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дюшекеев Дастан Станбековичпен кездесті.
Отырыс барысында квоталық орындарды қырғыз азаматтары үшін 50-ге дейін, қазақстандық азаматтар үшін 10-ға дейін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы қолданыстағы келісімге өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын Қырғыз Республикасының аумағында, Бішкек қаласында ашу мәселесі қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар екі елдің білім және ғылым саласында өзара белсенді іс-қимыл жасауға және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.