Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов Орталық Азия елдері ректорлары форумының қорытындысы туралы
Орталық Азия елдері ректорларының форумы өтті.   Бұл - былтыр қол қойылған Түркістан декларациясында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыратын форум.   Негізгі мақсат – өңірлік деңгейде ынтымақтастықты нығайтып, аймақта біртұтас кеңістік құруға мүмкіндік беретін Орталық Азия жоғары білім аймағын құру.   Өздеріңізге мәлім, биыл Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесін Басқару тобына (BFUG) тең төрағалық етіп жатыр.   Бүгін біз Қазақстанда BFUG өкілдігін ашу мәселесін көтердік. Бұл Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары білім саласындағы әріптестікті күшейтуге және Болон процесі қағидаттарын өңірде таратуға мүмкіндік береді.   Осы орайда форум жұмысына министрліктер өкілдерінің, сондай-ақ Орталық Азия елдері университеттерінің 133 өкілі қатысқанына қуаныштымын.   Форумның қорытындысы бойынша: ✓ Орталық Азия ЖОО-ларының альянсын құру туралы меморандум қабылданды. ✓ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан университеттері арасында екіжақты келісімдерге қол қойылды. ✓ Орталық Азия елдерінде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігі талқыланды. ✓ Әр мемлекет үшін басым бағыттар бойынша бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын әзірлеу жоспары әзірленді. ✓ Университеттер өз арасында оқытушылар және студенттермен алмасады.   Бұл бағытта біз «әл-Фараби» атындағы стипендиялық бағдарламаны іске қосып, Орталық Азия елдерінің азаматтарына квота бөлуге дайынбыз.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220055674798418/?d=n       
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ