Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің «Public lecture» атты жаңа жобасына қатысып, студенттер мен оқытушыларға жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, сұрақтарға жауап берді
Еліміздің жетекші университеттерінің бірі М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің «Public lecture» атты жаңа жобасына қатыстым. Студенттер мен оқытушыларға атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап бердім. Қазір университеттердің қоғам дамуына қосқан үлесі, яғни университеттердің «үшінші миссиясы» туралы көп айтылып жүр. ЖОО-ның тек оқу орнының қабырғасында оқу үдерісімен ғана шектеліп қалмай, қоғамды дамытуға арналған жобаларды жүзеге асырып жатқаны қуантады. Бұл жоба - университеттің қоғам үшін жүзеге асырып жатқан маңызды бастамаларының бірі. Жоба авторларына алдағы уақытта табыс тілеп, қонақ ретінде шақырғандарына алғыс айтамын!   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid0mmqeDZsPY9TwXM99asWKiSwUDcZgG9kuAnDJNvLPhD2KGbx32gtrdxk8WZN6kyTAl 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ