Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов білім және ғылым саласының өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты
Мемлекет басшысы екі министрлік, яғни Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін құру туралы шешім қабылдады.   Бұл шешім білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін өте маңызды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саланы дамыту бойынша алға қойған нақты міндеттеріне тиімді орындауға мүмкіндік береді.   Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы міндеттер мен сын-тегеуріндер ауқымы артып келеді.   Жоғары білім мен ғылым саласына тоқтала кетсек, қазірдің өзінде қол жеткізілген нәтижелер кадрлар даярлау және ғылыми өндірісті дамыту үшін жаңа, үлкен мақсат-міндеттер қоюға септігін тигізеді.   Сонымен қатар бұл реформа осы бағыттардың дамуына тың серпін береді.   Сондай-ақ жоғары көрсеткіштер екі министрліктің тығыз ынтымақтастығына байланысты болады. Үш жылдың ішінде Білім және ғылым министрлігі ұжымының білім саласын да, ғылым саласын да жетілдіру мақсатында атқарған жұмысы аз емес.   Барлық заң мен оң өзгеріс білім мен ғылым саласындағы ғалымдардың, педагогтердің, басқа да қызметкерлердің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отырған Президенттің жеке қолдауының арқасында қабылданды.   Үш жыл бойы Білім және ғылым министрі ретінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген жөн деп санаймын. Нақтырақ айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету, білім сапасы мен ғылымның әлеуетін арттыру бағытында қандай шешімдер қабылданды, қандай деректер негізінде жүргізілді және жалпы қандай жұмыстар атқарылғаны туралы есеп берген маңызды.   Бірінші кезекте Мемлекет басшысына сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді.   Сондай-ақ білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, министрліктің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың және ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамдарына, облыстардың департаменттеріне, білім басқармаларына алғыс айтамын.   Еліміздің педагогтеріне қолдау көрсетіп, бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғысым шексіз.   Алда Жаңа Қазақстанның дамуы жолында жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр.   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10220190474808334 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ