Алматы қаласына жұмыс сапарымен бардым.Білім және ғылым нысандарын аралап, кездесулер өткіздім.
Барлық білім беру ұйымдары тұрақты және штаттық режимде жұмыс істейді.
Мен барған № 206 мектеп-гимназия 2021 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектептің құрылысы аясында салынған нысандардың бірі. Жанындағы мектепте қабылдау қорытындысы бойынша 1 сынып оқушылары көп болды, «Ю» сыныбына дейін. 1800 оқушыға арналған тағы бір мектептің пайда болуы оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектесті
Әріптес-педагогтермен әңгімелестім. Сапалы педагогикалық құрамы қуантты. Тален Салтанат-химия мұғалімі, педагог - зерттеуші, Балыбекова Рабиға Жұманазарқызы - биология мұғалімі, педогог - зерттеуші, Ниязбекова Ақмарал Қалтайқызы - физика мұғалімі, педагог-шебер. Әріптестермен осы пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын және оқу процесін жақсарту идеяларын талқыладық.
Сонымен қатар, 315 орынға шақталған #186 бөбекжайының жұмысымен таныстым. Бұрын бұл нысан жалға берілген еді. Қазір ғимарат жөнделіп, жаңа балабақша ашылды.
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетіне бардым.
Жөндеу жұмыстарымен танысып, жатақханаларға барып келдім. Университет тарапынан ғылыми жобалар таныстырылды.Әріптестерім айтқан барлық сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, жатақханада қалған студенттермен әңгімелестім.
Сонымен бірге, сапар барысында қала мектептерінің директорларымен кездесу өткіздім. Мектеп басшыларының ұсыныстарын тыңдап, қызықтырған сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Біз «Алматы мектептері» жобасын іске асыру барысын талқылап, жан басына қаржыландыру тетігінің тиімділігін арттыру, сынып жетекшілерінің институтын күшейту мәселелерін талқыладық және ата-аналармен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобалар туралы сөз қозғадық.
Әріптестер қойылған барлық міндеттерді тиімді іске асырудың маңыздылығын түсінетіндеріне және қолдайтындарына көзім жетті.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10219558673573698