Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов Алматы қаласындағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 180 директорымен, сондай-ақ қаладағы колледждер мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен білім беру саласындағы мәселелерді талқылады
Алматыға жұмыс сапарымда №140 гимназияда қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 180 директорымен кездесу өткіздім.   Кездесуде жалақы төлеу жүйесі, оқуда артта қалған балалармен жұмыс, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысы, мұғалімдердің аттестациядан өту ережелері, ата-аналармен жұмысты нығайту, педагогтерді қайта даярлау мүмкіндіктері, жаңа МЖМБС және т.б. сияқты мәселелер талқыланды. Мектеп басшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.   Сонымен қатар колледж директорлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларымен де кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдадым.   Әріптестеріммен дуалды оқытуды дамыту, тәлімгерлік қызметке ақы төлеу, жан басына шаққандағы қаржыландыру, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру, инклюзивті білім беруді дамыту, сондай-ақ ТжКБ және балабақшалардағы тамақтану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізу мәселелерін талқыладық. Сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистент лауазымын енгізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.   Колледж директорларының негізгі мәселесі ТжКБ-да оқу үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне қатысты болды. Бұл стандарт шын мәнінде қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз.   Әріптестеріме қызықты және мазмұнды пікірталас үшін алғыс айтқым келеді. Айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.   https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02X4nZUipo72mMmrjaYS498yKvB7CHZr3haYekWiwXoGsLwZWehBJUYaWcqEpNtthal&id=1120704037 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ