iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар
26.08.2022
Алматы облысында жұмыс сапарымен болдым. Тамыз конференциясына қатысып, азаматтарды жеке қабылдадым, Қонаев қаласы мен өңірдегі ауыл мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын қарадым.
Тамыз конференциясына 200-ден астам педагог қатысты. Әріптестеріме алдағы оқу жылына қойылған міндеттер, атқарылған жұмыстар туралы баяндап бердім.
Әкім Марат Сұлтанғазиев бастаған жаңа облыс әкімдігі білім саласын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отыр, сондай-ақ кешенді бағдарлама бекіту жоспарланған.
Ең түйткілді мәселе – облыста 50-ден астам үш ауысымды мектептің болуы. Бұл мәселені шешу үшін жаңа стандарттар бойынша 60-тан астам мектеп салу жоспарланып отыр. Облыста мектептердің құрылысын келесі жылы бастау жоспарланған.
Азаматтарды қабылдаудан кейін ауыл және қала мектептерін араладым.
Қонаев атындағы орта мектептің оқу кабинеттерін, асханасы мен кітапханасын, спорт залын аралап көрдім. Химия, қазақ тілі және басқа да пәндер мұғалімдерімен әңгімелестім.
Талғар ауданы Дәулет ауылындағы №11 орта мектептің жағдайы алаңдатады. Онда 624 оқушы оқиды. Қабырғалардың, төбелердің және жалпы ғимараттың жағдайына байланысты ата-аналардың да, мұғалімдердің де қорқынышы мен уайымын түсінемін. Балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі бірінші орында, шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Мектепті қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, әкімнің орынбасары мектептің күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді. Дегенмен оқу жылы басталмай тұрып, алдымен ғимаратты апатты жағдайға сараптамадан өткізу қажет. Ғимаратта мұғалімдер мен оқушылардың болуы үшін оның қауіпсіздігі туралы нақты деректер қажет.
Сонымен бірге Іле ауданындағы №9 орта мектепте болдым. «Жайлы мектеп» жобасы аясында оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін аумақта қосымша құрылыс салу жоспарланып отыр. Құрылыстың басталуы 2023 жылға жоспарланған. Сондай-ақ мұғалімдермен әңгімелестім. Жаңа оқу жылына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына қатысты мәселелерді талқыладық.
Талғар ауданы Жаңа Қуат ауылындағы «Дана» жекеменшік мектебіне де бардым.
Мектептің жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы қуантты. Таза аумақ, оқушыларға арналған сапалы парталар мен орындықтар, бассейн, заманауи кітапхана, педагогтер, жалпы мектептің инфрақұрылымы мен атмосферасы мақтауға тұрарлық.
Іс-сапар қорытындысы бойынша облыстың түйткілді мәселелерін шешу бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бөлімі мен жергілікті білім басқармасы басшыларына тапсырмалар берілді. Министрлік Алматы облысы бойынша білім беру инфрақұрылымын дамытуда да, педагогтердің біліктілігін арттыруда да қажетті қолдау көрсетеді.
https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02CQhxYaXkSt4h62beiujGfjcTV2Eeoyf2oq7Tdqc3Q3eBoX8LjK1kDfWhjSqcrAkml/?d=n
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ