iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар
10.10.2022
Еліміздің әр өңіріне жұмыс сапарымен баруды жалғастырып жатырмын.
Алматыда есеп беру кездесуін өткіздім. Жиында көршілес Алматы облысынан келген тұрғындар да өз сауалдарын қоя алды.
Кездесуде алдымен Президенттің шешімдері мен қолдауының арқасында болған өзгерістер туралы айттым.
Жиынға барлығы 300 адам қатысты.
Үш сағаттың ішінде барлық қызықты сұраққа жауап беруге тырысып, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдадым.
Бұл - инклюзивті білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары, балаларды ауылдық және қалалық мектептерде оқыту және олардың арасындағы алшақтықты азайту мәселелері.
Сондай-ақ мұғалімдердің аттестациядан өту жүйесі, оқушылар арасында олимпиада өткізу, мектеп психологтарының жұмысы, мектеп әкімшілігі ата-аналардан сұрай алатын ақпараттың рұқсат етілген тізімі тақырыптары көтерілді.
Сондай-ақ заңды түрде жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыретіне жататын сұрақтар да қойылды. Мысалы, мектеп құрылысының сапасы, оларды қаржыландыру, мектеп асханаларында балаларға тамақ жеткізушілермен келісімшарт жасау, мектеп автобустарын сатып алу, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.
Тұрғындар басқа облыстардағы есеп беру кездесулерінде де қойылғандай сұрақтарды, атап айтқанда, еңбек қатынастарына, педагогикалық жүктемеге және т.б. қатысты жеке сұрақтар қоя алды. Кейбір мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге тиісті тексерулер жүргізуге қатысты тапсырма бердім.
Қатысушыларға уақыттарын бөліп, ойларын ашық білдіріп, көкейтесті сұрақтарын қойып, білім саласындағы мәселелерге бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтамын.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid02wRRG4EKbZm3HV4t2E1N3YBKfiT72GuyZn7NHmc4NoEEsNCb62gC7PBhHckbBKUqFl
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ