Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Астанада әлемнің 13 елінен  3000-нан астам жас инженер бас қосады

2026 жылғы 10-13 ақпан аралығында Астана қаласының EXPO халықаралық көрме орталығында жас өнертапқыштар мен робототехника әуесқойларының ең ауқымды алаңы – «FIRST Robotics, Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026» конкурсы өтеді.

Конкурсқа әлемнің 13-елінен 3000-нан астам 1-11 (12) сынып оқушылары қатысып, өздерінің инженерлік ойлауын, бағдарламалау қабілетін және техникалық шығармашылығын халықаралық деңгейде сынға салады. Қатысушы мемлекеттер қатарында Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Танзания және Марокко елдері бар.

Конкурстың басты мақсаты оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, робототехника мен жасанды интеллект саласына қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық жобалауға баулу.

Робототехника бағыты бойынша сайыс келесі санаттарда өтеді:FIRST LEGO League DiscoverFIRST LEGO League Explore FIRST LEGO League ChallengeFIRST Tech Challenge

Дрондар сайысы төмендегі бағыттарды қамтиды:Alem Drone League, Whoop Racing, FPV Simulator Racing, 5-inch FPV Racing Drone Engineering Challenge, Drone Soccer.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ