Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР СЫРҚАТҚА ДИАГНОСТИКА ЖАСАЙТЫН ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕДІ

Жасанды интеллект платформасы сырқатқа диагностика жасап, тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік береді Жас өнертапқыштардың айтуынша, «dAIgnosis» қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған.

«Біз сырқатты нақты белгілермен анықтауды жасанды интеллектке нөлден бастап үйреттік. Немесе томография немесе рентген арқылы біледі. Сондай-ақ жасанды интеллект адамның медициналық тарихын ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз медицина саласының студенттерімен де кездестік, олардың біздің өнімге деген қызығушылығы бар. Ең маңыздысы біздің қосымшаны тек медициналық білімі бар адамдар ғана қолданғаны дұрыс», - дейді Алматы қаласы РФММ-нің 11 сынып оқушысы Артур Кнабик.

Айта кетейік, бір күн бұрын Алматы қаласы РФММ оқушылары миллион теңге ұтып алды. Оны өз қосымшаларын дамытуға жұмсамақшы. Жас өнертапқыштар енді медицина университеттері мен колледждерге барып, өз жұмыстарын көрсетуді жоспарлап отыр.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ