Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕД

Алматы қаласындағы ФМБ NIS оқушылары аутизм спектрінің бұзылуы бар адамдардың эмоционалды интеллектісінің дамуына ықпал ететін «Drive Beyond» қосымшасын әзірледі. Бұл қосымша қазірдің өзінде бірқатар білім беру орталықтарында сәтті қолданылуда, әсіресе, 5 пен 13 жас аралығындағы балалар арасында айтарлықтай оң нәтижесін беруде.

«Drive Beyond» қосымшасы жеке тұлғаның бет әлпетін тани алатын бірегей жасанды интеллект болып табылады.

«Біздің қосымшамыз жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын көрсететін мінсіз құрал. Біз әрбір адам осы технологияға қол жеткізуіне және өзінің эмоционалды дағдыларын дамытуға мүмкіндік алуына лайық деп санаймыз», - дейді 12-ші сынып оқушысы Әлихан Сырғалиев.

Атап өтейік, оқушылар өз әзірлемелерінің арқасында алғашқы табыстарын да тауып үлгерді. Бүгінде қосымшаны бірқатар алматылық оңалту орталықтары белсенді пайдалануда. Енді оқушылар емдеу орталықтары үшін диагностикалық мүмкіндіктерді енгізуді және оны басқа да оқу орындарында кеңінен қолдануды ұсынуды және жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ