Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Алматылық оқушылар Австралияда робототехникадан өткен чемпионатта екі жүлдені жеңіп алды
Қазақстанның «Sana Team» құрамасы FIRST Tech Challenge категориясы бойынша Asia Pacific Open Championship халықаралық чемпионатының жеңімпазы атанды.   Еліміздің атынан «Білім-инновация» лицейі мен Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушылары: Дарын Смайыл, Арнар Дәулетқұл, Әділ Тұрсынғали, Аббас Пахридин, Осман Акипбек, Асылхан Ыбырай, Ілияс Әшіралин, Алдияр Дәулетұлы, Жанайым Сабыржан, Ғазиза Кунгожина қатысты.   Жарысқа 11 елден барлығы 400-ге жуық бала қатысты. Финалдық кездесуде қазақстандық мектеп оқушылары БАӘ командасымен одақтасып, жеңіске жету үшін күресті. Екі күннің қорытындысы бойынша оқушылар екі марапатқа ие болды: Finalist Alliance Captain және «Motivate Award» номинациясында бірінші орын.   «Алғашқы екі күнде біз жеңіліссіз алға шықтық. Ойынның соңғы күні қиынырақ болды, бірақ финалға өттік. Біз робот ойынында жақсы өнер көрсетіп қана қоймай, қазылар алқасының алдында өз портфолиомызды қорғай алғанымызға өте қуаныштымыз», - дейді команда капитаны Дарын Смаил.   Естеріңізге сала кетейік, команда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионаты кезінде әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Чемпионатта жеңіске жету біздің оқушылар үшін әлемдік жетекші жоғары оқу орындарына грант алуға жол ашады.                      
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ