Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛМАТЫДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, "Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға қатысушылар балалар әдебиетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, қазақ тіліндегі контенттің сапасын арттыру және оны өңірлік білім басқармаларымен, кітапханалармен, ата-аналар ұйымдарымен, сондай-ақ ірі еңбек ұжымдарымен бірлесе жұмыс істеу жолдары сөз болды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде балалар басылымдарын ілгерілету бойынша кешенді бағдарлама әзірленетінін атап өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Балалар кітапханасының" жаңа моделі құрылуда. Биылғы оқу жылында белсенді оқырмандарды 100 көркем, ғылыми-танымдық кітап оқуға ынталандыру, электронды кітапханалар мен онлайн-ресурстар құру, газеттер мен журналдарды оқу мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар басталды. Бұл бағыттағы жұмыс "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында да жүргізілуде. Қазір біз мектеп кітапханашыларының мәртебесі мен жалақысын көтеру мәселесін қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Оқу-ағарту министрі балаларға арналған басылым ұжымдарының жұмысын жоғары бағалап, алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында: "Ұлан", "Дружные ребята", "Қазақстан дәуірі" газеттері, сондай-ақ "Ақ Желкен", "Балдырған", "Ақылдым", "Жеті Әлем", "Мөлдір бұлақ", "Айгөлек" және т. б. журналдар бар.

Кездесу қорытындысы бойынша балалар мен жастарға арналған туындылар жасайтын шығармашылық зиялы қауымды, креативті индустрия шеңберінде балалар басылымдарының жобаларын қолдау жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру, "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" шеңберінде жеке тақырыптық секция өткізу туралы шешім қабылданды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ