Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

АЛМАТЫ МЕН СҚО-ДА 200 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БЕС КҮНДІК ОҚУ АПТАСЫНА КӨШЕДІ

АЛМАТЫ МЕН СҚО-ДА 200 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БЕС КҮНДІК ОҚУ АПТАСЫНА КӨШЕДІ

Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында 200 мыңнан астам оқушы 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес күндік оқу аптасына көшеді. Сондай-ақ осы өңірлердегі 25 мыңнан астам мұғалім үшін сенбі демалыс күнге айналады. 5 күндік оқуға мектептердің 100%-ы көшеді.

Алматыда бұрын сенбі күндері оқыған 166 мың бала мен жұмыс істеген 13 мың мұғалімі бар 124 мектеп енді бес күндік оқу аптасына көшеді. Сондай-ақ тек 1 ауысымда 16 мектеп бес күндік форматта оқиды.

СҚО-да да бес күндік оқуға 74 мыңға жуық бала оқитын 470-тен астам мектеп 100 пайыз көшеді. Бір ауысымда 23 мың оқушысы бар 254 мектеп оқиды. Осылайша, мұғалімдерге де, оқушыларға да жүктеме азаяды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде өткен жиында Алматы және СҚО білім басқармаларының басшылары баяндады.

Бұл оқу жылын 31 мамырда аяқтау және оқу жүктемесін азайту туралы шешімнің аясында мүмкін болғанын айта кеткен жөн.

«Президент педагог мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жеке қолдауының арқасында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы көтеріліп, жүктемесі қысқартылды. Заңға тәуелді актілер қабылданып, әкімдіктер бұрынғыдай мұғалімдерді міндетінен тыс артық жұмыстарға тартпайды. Президент тапсырмалары бойынша атқарылатын жұмыстар аясында алдағы уақытта сенбі мектеп мұғалімдері үшін ресми демалыс күніне айналады, бұл әріптестерімізге сабаққа дайындалып, уақытты отбасымен бірге өткізуге мүмкіндік береді. Мұның балаларға берер артықшылықтары бар, енді олардың да көбірек бос уақыты болады. Біз бұл мәселені ерекше бақылауға алдық», - деді министр кездесуде.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ