Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Allur кәсіпорыны мен Қостанай колледжінің серіктестігі: автоөндіріс пен кәсіптік білім берудің дамуына жасалған қадам
Allur автозауыты мен Қостанай автомобиль көлігі колледжі арасындағы ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды. Осыдан 4 жыл бұрын бұл колледжді шефтік қамқорлыққа алған «Allur» автозауыты маман даярлау сапасын арттыру және оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысып келеді.   Бүгінде колледжде 13 мамандық бойынша 1400 студент білім алады. Соңғы бес жыл ішінде колледж студенттері автомобиль және IT құзыреттіліктерінде WorldSkills Ұлттық чемпионатында тұрақты түрде жеңіске жетіп келеді. Студенттер Абу-Дабиде өткен WorldSkills, Будапештте Euroskills, Казанда WorldSkills, сондай-ақ Оңтүстік Кореядағы халықаралық чемпионаттарға қатысты. 2023 жылдың қыркүйегінде колледждің екі түлегі EuroSkills Gdańsk-2023 чемпионатының қола жүлдегері атанып, 2024 жылы Данияр Әбікенов Лиондағы WorldSkills чемпионатының әлемдік кезеңінде кәсіби шеберлігі үшін медальмен марапатталды.   Сонымен қатар, колледждің әрбір оқытушысы зауытта тағылымдамадан өтеді, бұл оқыту сапасын жақсартуға және студенттерге индустрияның заманауи талаптарына сәйкес келетін білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Студенттер үшін автозауыттың өндіріс алаңдарында еңбекақы төленетін тәжірибелер ұйымдастырылды. Ынтымақтастық шеңберінде автомобиль өндірісі мен сервистік қызмет көрсетудің заманауи технологиялары бойынша мамандар даярлауға бағытталған бірнеше білім беру бағдарламалары құрылды. Бұл бағдарламалар нарық талаптарын ескере отырып жасалған, ол студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Нәтижесінде, колледж түлектеріне оқу аяқталғанға дейін жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар түседі.   Қостанай автомобиль көлігі колледжі мен Allur автозауытының арасындағы әріптестік автомобиль саласы үшін білікті мамандар әзірлеуге бағытталған білім беру мен өнеркәсіптің табысты интеграциясының үлгісі болып табылады.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ