Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРАДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

10.12.2019 жыл

АЙТЫЛДЫ:

«ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру өзекті мәселелердің бірі екенін білемін. Бұл мәселе назардан тыс қалып, 2016 жылдан бері шәкіртақы көтерілген жоқ. Сондықтан мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері үшін шәкіртақыны 25%-ға көтеру туралы шешім қабылдадым». 

ОРЫНДАЛДЫ:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақылары 25%-ға өсті.

2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артты.

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы тағы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі.

Педагогика мамандығы бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алатын болады. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі (докторанттардың шәкіртақысы Президенттің тапсырмасына дейін 82 мың теңге болса, қазір 172 500 теңге шамасында).

СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ ӨСУ КӨРСЕТКІШІ

 

Перечень стипендиатов

Шәкіртақы мөлшері, теңге

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Негізгі мөлшері

Негізгі мөлшері

Негізгі мөлшері

Негізгі мөлшері

Негізгі мөлшері

Негізгі мөлшері

2020 жылмен салыстырғанда

%-дық өсім

2017 жылмен салыстырғанда %-дық  өсім

педагогикалық мамандықтан басқа бакалавриат студенттері

20 949

20 949

20 949

26 186

31 423

36 660

40

75

педагогикалық мамандық бойынша бакалавриат студенттері

42 000

50 400

58 800

40

181

магистранттар

53 530

53 530

53 530

66 913

76 950

86 987

30

63

докторанттар

81 998

81 998

81 998

150 000

172 500

195 000

30

138

 

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ