ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекеттік қызмет істері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің Превенция қызметінің өкілдерінің қатысуымен Білім саласында сапаны қамтасыз ету комитетінің аумақтық департаменттеріне арналған семинар-тренинг өткізді. «Мемлекеттік қызметтегі әдеп жөніндегі уәкілдердің мінсіз әдеп пен адалдық қағидаттарын нығайтудағы рөлі» тақырыбындағы жиында мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.Мемлекеттік қызметте әлеуметтік желіні ұтымды жүргізу және БАҚ-пен байланысты жетілдірудің жолдары, әдеп жөніндегі уәкіл функциялары жүктелген қызметшілердің жұмысын жетілдіру, көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері бойынша сарапшылармен тренингтер өткізіліп, пікір алмасу өткізілді.
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз