Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Абай облысында ауыл оқушысы электр энергиясын су құбырынан алу жүйесін әзірледі
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім — 100 новых лиц» айдарын жалғастыруда. Бүгін біз Бесқарағай ауданы Н.Баймұратов атындағы мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Дидар Баталовтың инновациялық жобасын таныстырамыз.   Жас өнертапқыш ұстазы Мейрамғали Жексенаевтың жетекшілігімен көппәтерлі үйлердің құбырларындағы су ағынын пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру жүйесін әзірледі.   «Жоба су есептегіштеріне ұқсас шағын турбиналарды құбырларға орната отырып, тұрақты түрде қалыптасатын қысымды тиімді пайдалану арқылы оны электр энергиясына айналдыруды көздейді. Яғни мұндай шағын гидроэлектростанциялар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен баспалдақ алаңдарын жарықтандыруға қажетті электр энергиясын өндіре алады, сондай-ақ пәтерлерге дербес орнатуға да болады. Құрылғы экологиялық таза әрі тиімді шешім ретінде көмір мен басқа да отын көздеріне тәуелділікті азайтуға ықпал етеді», - дейді өнертапқыш оқушы.   Бұл жаңашыл идея баламалы энергетика саласында жаңа қадам болмақ және болашақта қала инфрақұрылымын жетілдіруде маңызды рөл атқаруы әбден мүмкін.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ