Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

86 ОҚУШЫ Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ ХІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына еліміздің әр өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан Республикасынан 150 оқушы қатысып, 112 ғылыми жоба ұсынды. 3 күнге созылған білім сайысында 86 жүлдегер анықталды. «Дәстүрлі Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары халықаралық конкурсының мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау» ,– дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Қорытынды кезең жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.Айта кету керек, халықаралық конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетілді. Шара Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өтті.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ