Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ХІ ҚЫСҚЫ ГИМНАЗИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 14 наурыз күні ХІ қысқы гимназиада басталады.

Сайыс шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, бенди, конькимен сырғанау, шайбалы хоккей сындыспорттың сегіз түрінен өтеді.

«Гимназиада жарыстары мектеп спортының дамуына, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын артуға үлкен әсер етеді. Сондықтан біз еліміздегі алдыңғы қатарлы спорттық сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алған жас спортшылардың қатысуына ерекше назар аударып отырмыз. 2022 жылы қазақстандық оқушылар құрамасы алғаш рет Дүниежүзілік жазғы гимназиадаға қатысып, 64 елдің ішінен үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттар берілді»,—дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Айта кетейік, ХІ қысқы гимназиада Қазақстанның төрт қаласында өтеді: Астана, Щучинск, Павлодар және Өскемен. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық оқушы қатысады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ