Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

700 АСТАНАЛЫҚ СТУДЕНТ «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ АЛУДА

Елорданың 8 жоғары оқу орнында білім алып жатқан 700 ерікті «Менің бауырым» жобасы аясында арнайы оқудан өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы екіжақты келісімге өткен жылдың қараша айында қол қойылған болатын.

Мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы орта қалыптастыру.

Семинар барысында жастар балалармен жұмыс істеу дағдыларын игеріп, әлеуметтік жобаларды іске асыруды, елордалық білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарын қолдау мақсатында оқу-тәрбие үдерісіне қатысуды үйренеді. Жобаға Астана қаласындағы 96 мектепті қатыстыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, жоба аясында еріктілер мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл мейірімділік пен ізгілік, адамдарға көмектесу, қоғамға қызмет ету қажеттілігі мен ниеті, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс сияқты маңызды жеке қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ