Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізілді

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жүргізді.Бақылау шараларының нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымда оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Бұзушылықтарды жоюға білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, тиісті басқару органдары да жауапты. Бақылау іс – шаралары шеңберінде Министрлік тарапынан ұйымдарға білім беру саласындағы заңнама нормаларын қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді», – деп атап өтті Комитеттің бас сарапшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева.

Ағымдағы жылдың соңына дейін бақылау іс-шаралары https://rchl.govtec.kz/.сайтында орналастырылған жартыжылдық тізімге сәйкес еліміздің тағы 50 білім беру ұйымында өткізіледі.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ