Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

6 медалей завоевали казахстанские школьники на Международной олимпиаде по математике IMO-2022, набрав рекордное количество баллов за всю историю участия страны в интеллектуальном соревновании – Асхат Аймагамбетов
Оқушыларымыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті. Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл - еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші.   IMO - әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне төлемдер белгілеп, оқушыларға ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына түсуге болатындай жағдай жасағанымызды атап өткім келеді.   Олимпиадаға қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.   Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич; Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.   Зияткерлік сайысқа 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және т.б. елдер бар.   Сонымен қатар оқушыларымыз әлемдік есепте 17-орынға тұрақтады.   Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймын!   Сіздер елімізді халықаралық аренада лайықты деңгейде, абыроймен таныстыра білдіңіздер. Ақыл-ойларыңыз, қажырлы еңбектеріңіз, табандылық пен ізденімпаз қабілеттеріңіз, білімге деген талпыныстарыңыз жаңа жеңістерге жетелей берсін!   Ұстаздарыңызға, әріптестеріме берген білімдері мен тәжірибелері үшін, ал ата-аналарыңызға сіздерге көрсеткен қолдауы мен тәрбиесі үшін алғыс айтамын.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02vBHrN6n16ApnUFgW5JCTZGxAbkdXtBuCjBPxyxgGmDegPRQfMBw33t2V5Razu6vnl/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ