Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

410 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПОРЫН ШЕФТІК ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КӨРСЕТЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі 410 колледжді 500-ге жуық кәіпорынның шефтік қамқорлыққа алуы бойынша жұмыс жүргізді. Шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар колледждерің қорғаншылық және өндірістік кеңестеріне енді, олар педагогтердің кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуіне, колледждердің лабораторияларын жабдықтауға қолдау білдіреді. Сондай-ақ, студенттердің әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен кәсіби және өндірістік тәжірибеден өтуі ұйымдастырылады. 300 мыңнан астам студент кәсіби тәжірибемен қамтылған, 5 мыңнан астам педагог шефтік көрсететін кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждерде шефтік кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім бағдарламалары жаңартылды. Еске салайық, биылғы жылы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына 10 мыңнан астам студент мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша міндетті жұмысқа орналастыру тәртібімен оқуға қабылданады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ