Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕТІМ БАЛА ҮШІН ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында бүгінде 40-тан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар демалуда. Олар қоғам қайраткерлерімен және балалар үйінің табысты түлектерімен кездесіп, өз армандарымен бөлісіп, мектептегі жетістіктері және бүгінгі шеберлік сағаттарынан алған әсерлері туралы әңгімеледі. Педагогика, қоғамдық және мемлекеттік қызмет салаларында еңбек етіп жүрген түлектер мақсатқа жету жолындағы жеке тәжірибелері туралы әңгімелеп, болашаққа сеніммен қарау керектігін айтты. Өз қабілеттеріне сенімді болып, қиындықтан қорықпауға шақырды.Сонымен қатар балаларға футбол, бокс, мобилография, шахмат және қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. «Оқжетпес» футбол командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары балалармен жаттығу жасап, футболдың қыр-сырын көрсетті. Командалар жолдастық матч өткізді. Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары сезімді қылқалам көмегімен қағаз бетіне түсіру жолдарын түсіндірсе, бокстан халықаралық спорт шебері шеберлік-сағат өткізді. Шахматтан халықаралық гроссмейстер балаларға шахмат ойындарының ережелерін таныстырды. Мастер-класс соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталды.Айта кетейік, елімізде жазғы сауықтыру демалысымен 4 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қамтылған. Жыл сайын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 14 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақ, мектеп формасы, кеңсе тауарлары және бос уақытты тиімді өткізумен қамтылады. Сонымен қатар Абай облысының 6 баласы балалар сауықтыру орталықтарында тегін демалып, оларға 500 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіледі.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ