3,5 мыңға жуық талапкер қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін арналған гранттардың иегері атанды.Мемлекеттік білім гранттары осы жылдың жазында конкурсқа қатысқан талапкерлер арасында бөлінген.Оқуға түскендер "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" бағыттары бойынша білім алатын болады.«Ранжирлеу жазғы ҰБТ-да жинаған баллдарға сәйкес жүргізілді, яғни гранттар ҰБТ сертификаттарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Процедура толығымен автоматтандырылғанын атап өткен жөн. Енді екінші семестрден бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарында тегін оқи алады. Бұл ретте оларға ешқандай құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ, өйткені олар барлық қажетті құжаттарды жазда тапсырған», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.Грант иегерлері грант туралы куәлікті Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан мына сілтеме бойынша жүктей алады https://grant.testcenter.kz ЖСН және АКТ енгізу арқылы.
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз